Маңғыстауда денсаулық саласындағы жемқорлықтың алдын алу талқыланды
Денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Маңғыстау облысының медициналық ұйымдары басшылары мен комплаенс-офицерлері қатысқан жиында саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен бақылау жүйелерін күшейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жиынға Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, басқарма басшысының орынбасары Жайсанкүл Досполова және өңірдегі барлық деңгейдегі медицина мамандары қатысты.
Кездесуде адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, ішкі бақылауды жетілдіру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Саладағы әрбір маман заң мен тәртіпті қатаң ұстанып, жеке жауапкершілігін сезінуі қажет. Сондықтан біз осы құндылықтарды қалыптастыруға бар күшімізді салуымыз керек, - деді Тоқтамыс Жұмағұлов.
Жиын соңында қатысушыларға жемқорлықтың зияны туралы бейнематериал ұсынылып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.