Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында квиз ойыны өтті

|
16.11.2025 14:31
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында квиз ойыны өтті

Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында аймақ кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған квиз ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Квиз жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және өңірдің адам капиталының дамуына үлес қосуға бағытталды. Іс-шараға 13 өңір кәсіпорындарының жұмысшылары қатысып, білімді, логиканы, зейінді, жалпы эрудицияны және командалық өзара әрекеттесуді бағалайтын түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындады.


-Квиздің мақсаты - жұмысшы мамандықтардың маңызын айқындап, әр өндірістік жұмыстың артында білікті, ақылды және бастамашыл адамдар тұрғанын көрсету. Біз жұмысшы мамандар өз білімін, логикасын, командалық бірлігін және зияткерлік әлеуетін көрсете алатын алаң қалыптастырғымыз келеді. Бұл жәй ғана ойын емес, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және өңіріміздің тұрақты дамуын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына деген құрметті нығайтуға бағытталған іс-шара, - деді ұйымдастырушы, «Эко Маңғыстау» ұйымының директоры Кирилл Осин.


Квиз қорытындысы бойынша 1-орынға «Теңіз жасағы» АҚ қызметкерлері, 2-орынға «KPTL Tenaris» мекемесінің қызметкерлері, 3-орынға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері жайғасты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталды.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!