Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда пара армрестлинг спортшылары арасында турнир өтті

|
19.11.2025 16:32
Ақтауда пара армрестлинг спортшылары арасында турнир өтті

Ақтауда пара армрестлинг спортшылары арасында турнир өтіп, 30-ға жуық спортшы бақ сынады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл іс-шара АИТВ инфекциясының алдын алу орталағының бастамасымен ұйымдастырылды. Спорттық іс-шарада балалар мен жасөспірімдер бақ сынап, пара армрестлингтен шеберліктерін көрсетті. 


1 желтоқсан – бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні. Ал 3 желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Осы оқиғалар аясында өтіп жатқан бүгінгі спорттық жарыс қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы балаларға сәттілік тілеймін. Басты мақсатымыз – балаларды қуантып, оларға көңіл-күй сыйлау,- деді АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу жұмыстары жөніндегі меңгерушісі Зарина Беркалиева. 


Пара армрестлинг федерациясы өкілдерінің айтуынша, бұл ортада қазір 40-қа жуық спортшы бар. Түрлі диагноздармен келген балалар бұл ортада шынығып, өмірге деген құлшыныстары артады. Тіпті аяқ баса алмай келген спортшылар бүгінде түрлі жарыстарға қатысып келеді. 


Біздің орталық пара армрестлингпен айналысып бастағалы 5 жылға жуықтады. Мұнда балалар 10 жастан бастап қабылданады. Бүгінде спортшыларымыз әртүрлі жарыстарға қатысуда. Қала, облыс көлеміндегі жарыстардан бөлек әлемдік додаларда төбе көрсетіп, топ жарып жүр. Мәселен, Ақбөбек есімді спортшы қызымыз жақында ғана “спорт шеберін” орындады. Биыл алғаш рет қол күресі Азия ойындарына қосылмақ. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, онда Азия ойындарына тұрақты түрде осы спорт түрі енгізіледі. Осы додаға біздер желтоқсан айының басында Дубайға барамыз,- деді Маңғыстау облыстық пара армрестлинг федерациясының президенті Рухани Мустафа. 


Расында, жас спортшы Ақбөбек орталыққа келген 2 жыл ішінде көп жетістікке жеткен. Өзінің айтуынша, жаңа орта – жаңа дем берді. Алғашында орталыққа келіп, спортпен айналысуға жүрексінген Ақбөбек бүгін өзгелерге өз білгенін үйретіп жүр. 


Мен 2 жыл ішінде қатты өзгердім. Менің көңіл-күйім, ішкі сезімдерім, мінезім, физикалық күйім де қазір басқаша. Осы жаққа мені әкем ертіп келді. Басында көп қасарыстым, ал қазір мен келгеніме қуанамын. Менің жеткен жетістіктерім - баршылық, бірақ жаңа мақсатым - 2026 жылғы әлем чемпионы болу,- деді Ақбөбек Ескендір. 


15 жасар Ақбөбек пара армрестлинг спорты оның эмоциясын ашуға көмектескенін айтады. Айтуынша, ол жылауға қорықпайды, керісінше – күш алады.


Федерацияда Церебральды сал ауруы, туабітті зағип, құлағы естімейтін балалар бар. Барлығының мақсаты – қоғамда өз орнын тауып, мықты чемпион болу. Жаттықтырушылары атап өткендей, балалар барлығын тең жасауға ұмтылады. Бұл спорт – балалардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін еске салып, олардың өмірге деген құлшынысын көрсетеді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!