Otpan News Logo

Қызылордалық мұғалім Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында азаматтық борышын өтейді

|
04.05.2026 09:15
Қызылордалық мұғалім Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында азаматтық борышын өтейді

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан танк батальонының қатардағы жауынгері Дархан Ақмырза ұстаздық жолды таңдаған азамат, деп хабарлайды otpannews.kz.


Дархан Ақмырза Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы жалпы білім беретін мектепте химия және биология пәндерінің мұғалімі болып еңбек ете жүріп, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуді азаматтық міндетім деп санады.


Дарханның айтуынша, әскери қызмет – әрбір ер азаматтың өміріндегі маңызды кезең. Бұл уақыт адамды төзімділікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Бір жылдық әскери қызмет барысында ол әскери машықтарын жетілдіріп қана қоймай, нағыз патриотизмнің мәнін терең түсінгенін атап өтті.


«Сен әкім бол, мұғалім бол, кәсіпкер бол – қай салада еңбек етсең де, Отан алдындағы борышыңды өтеу әр азаматтың міндеті», - дейді жауынгер Дархан Ақмырза.


Алдағы уақытта ол мектебіне оралып, шәкірттеріне сапалы білім берумен қатар, әскерде бойына сіңірген тәртібі мен отансүйгіштік қасиетті жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат етеді.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!