Otpan News Logo

Ақтау қаласында шұңқырлы жолдарды жөндеу жұмыстары басталды

Ақтау қаласында шұңқырлы жолдарды жөндеу жұмыстары басталды

Ақтау қаласында ауа райының қолайлы болуына байланысты шұңқырлы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл қала аумағында жалпы көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын учаскелерге асфальт жабынын төсеу жоспарланған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Сонымен қатар, 2025 жылы төселгенімен, сапасыз деп танылған жол учаскелеріндегі асфальт жабыны мердігер мекеменің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.


Жалпы алғанда, қала аумағындағы 150 шақырым автомобиль жолы 2015 жылға дейін салынып, бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпеген. Ал шамамен 67 шақырым автомобиль жолы 2015 жылдан кейін салынған және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған.


- Жол сапасын арттыру мақсатында соңғы үш жылда орташа жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, 2024 жылы 5 шақырым, 2025 жылы 2 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2026 жылы шамамен 6 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!