Otpan News Logo

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері жазғы маусымға дайын

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері жазғы маусымға дайын

Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің кемелерін алдағы жазғы кезеңге жоспарлы дайындау жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды otpannews.kz.


Атап айтқанда, кеме корпусының, иллюминаторлар мен люктердің герметикалығы тексерілді, палубалық механизмдер тазартылып, майланды, артиллериялық жүйелер мен шағын калибрлі қару-жарақ қондырғылары тазаланып, консервацияланды.


Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемелер, патрульдік және десанттық катерлер, сондай-ақ гидрографиялық кемелер жазғы кезеңге дайындалып жатыр. Сонымен қатар швартовтық, зәкірлік және палубалық құрылғыларды тексеру жұмыстары қатар жүргізілуде.


Жеке құрамды дайындауға ерекше көңіл бөлінген. Кеме экипаждары жазғы үлгідегі киім-кешекпен толық қамтамасыз етілді.


Қазақстан Әскери-теңіз күштері өздерінің негізгі міндеттерін толық көлемде орындауды жалғастырып жатыр. Яғни Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайлы жедел жағдайды сақтауда.


«Жазғы дайындық – бұл тек техникалық қызмет көрсету ғана емес, теңіз техникасының жауынгерлік әзірлігінің маңызды бөлігі. Біз кемелердің сенімділігін, экипаждардың қауіпсіздігін және кез келген ауа райы жағдайында міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз етеміз», – деді 2-ранг капитаны Руслан Яхьяров.


Айта кетейік, жазғы пайдалану кезеңіне Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі үлгідегі 130-дан астам қару-жарағы мен әскери техникасы ауыстырылды.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!