Otpan News Logo

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілі – автономды түтіндік хабарлағыштарды орнату

|
15.04.2026 13:45
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілі – автономды түтіндік хабарлағыштарды орнату
ФОТО из открытых источников

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің тұрғын бөлмелері автономды оптикалық-электрондық түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталуы тиіс. Бұл талап – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автономды түтіндік өрт хабарлағыштары өрттің бастапқы кезеңінде түтінді анықтап, дереу дыбыстық белгі береді. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қауіп туралы ерте хабарлап, дер кезінде эвакуациялануға мүмкіндік береді. 


Мамандардың айтуынша, өрт кезінде уақытылы әрекет ету – адам өмірін сақтап қалудың негізгі факторларының бірі. Аталған құрылғылардың басты артықшылығы – электр желісіне тәуелсіздігі. Олар батареямен жұмыс істейді, сондықтан электр қуаты өшкен жағдайда да өз қызметін тоқтатпайды. Бұл әсіресе түнгі уақытта немесе төтенше жағдайларда аса маңызды.


Хабарлағыштарды жатын бөлмелерге, дәліздерге және адамдар жиі болатын басқа да бөлмелерге орнату ұсынылады. Дұрыс орналастырылған құрылғы өрт қаупін ерте анықтауға мүмкіндік береді.


Бүгінде мұндай түтіндік өрт хабарлағыштары нарықта кеңінен қолжетімді және бағасы да қолайлы. Оларды танымал маркетплейстерден оңай сатып алуға болады.


Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір азаматтың міндеті. Автономды түтіндік хабарлағыштарды орнату – қарапайым, бірақ тиімді шешім. Бұл құрылғы сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!