Otpan News Logo

Тұралы Жолышов Ақжігіт ауылына әкім болып сайланды

|
07.10.2026 15:42
Тұралы Жолышов Ақжігіт ауылына әкім болып сайланды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін аудан әкімі Рахымжан Шалбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Бораш, аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Майлан және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Сәуірбаев Ақжігіт ауылына арнайы барып, ауыл тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жолышов Тұралы Ботақараұлы 1990 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген.


Еңбек жолын 2011 жылғы желтоқсан айында Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығында маман болып бастаған.


2014–2021 жылдары Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығында маман, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Бейнеу аудандық мәслихатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты болды.


2021–2023 жылдары «Nur Otan» партиясы және кейіннен «AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, атқарушы хатшы және филиал төрағасы қызметтерін атқарды.


2023–2025 жылдары Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болды.


2025 жылғы қыркүйек айынан бастап Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.


Жаңа әкімге Ақжігіт ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, ауыл тұрғындарының талап-тілегін ескеріп, халықпен ашық әрі тиімді кері байланыс орнату міндеттері жүктелді.


Аудан әкімі жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, ауылдың одан әрі дамуы жолында нәтижелі еңбек ететініне сенім білдірді.

125
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!