Otpan News Logo

Түпқараған ауданында оқушыларға сайлау жүйесі түсіндірілді

Түпқараған ауданында оқушыларға сайлау жүйесі түсіндірілді

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Меңдіханов Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Алғашқы сайлау парағым» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Алғашқы сайлау парағым» тақырыбында өткен кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру.


Дәулеткерей Меңдіханов оқушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, дауыс беру тәртібі және сайлау бюллетенін дұрыс толтыру жолдары туралы түсіндірді. Іс-шара соңында оқушылар сайлау үдерісіне қатысты сұрақтарын қойып, өз ойымен бөлісті.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!