Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау мен Атырауда жалған стоматологиялық қызмет көрсеткен үш адамға іздеу жарияланды

Ақтау мен Атырауда жалған стоматологиялық қызмет көрсеткен үш адамға іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз шығару бойынша қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген фиктивті стоматологиялық клиникалардың үш иесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


1992 жылы туған Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 1998 жылы туған Иманбаев Ғаббас және 1987 жылы туған Елешев Есімхан Баяндыұлы стоматологиялық қызмет көрсетілгені жөнінде жалған медициналық құжаттар рәсімдеу арқылы 46 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.


Ол үшін олар Ақтау және Атырау қалаларында тіркелген, іс жүзінде медициналық қызмет көрсетпеген және халыққа ем-дом жүргізбеген жеті стоматологиялық клиниканы пайдаланған.


Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Ғ., Елешев Е.Б.-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкцияланған.


«Күдіктілердің бірі – Дүйсенов А.Қ. бұған дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарған және теріс себептермен жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) және 362-бабы (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Егер іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің кезекші бөліміне +7 7172 70 84 78 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. Сыйақы мен анонимдік кепілдендіріледі», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!