Таза Қазақстан: Ақтауда 400 мемлекеттік қызметші 5 тонна қоқыс шығарды

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастырумен «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті, деп хабарлайды otpanews.kz сайты.
Сенбілікке шамамен 400 адам қатысып, “солдат” жағажайы мен Р-1 аумағы тазаланды.
Бұл сенбілік “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 3 гектар жер тазаланып, барлығы 5 тонна қоқыс шығарылды,- деді МО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Ілес Қыдырбаев.
Айта кетейік, “Таза Қазақстан” акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама.
96





Комментарии
Комментарии
Нет комментариев