Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда дәстүрлі бірыңғай есеп беру күні өтті

Ақтауда дәстүрлі бірыңғай есеп беру күні өтті

Маңғыстауда кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелелері бойынша міндетті талаптардың бұзылуын алдын алу, деп хабарлайды otpannews.kz.


Алқалы жиынға мемлекеттік мекеме өкілдері, облыстық бақылау-қадағалау органдары мен өңір кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін бастамалар талқыланды.


Бұл шара кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнес-қауымдастықпен кері байланысын қалыптастыруға көмектеседі.


Шарада бизнес субъектілеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ кездесудің басты міндеті - кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында тиімді кері байланыс орнату. Бұл шара жыл сайын қыркүйек айында ұйымдастырылады, - деді Маңғыстау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев. 


Шара соңында қатысушылар өз ұсынысын айтып, кездесуде көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

125
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!