Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанның көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланды

|
26.09.2025 15:24
Қазақстанның көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөзден

26-27 қыркүйек күндері Маңғыстау облысында ауа райының нашарлауы күтіліп отыр, деп хабарлайды Otpannews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 


26 қыркүйек күні кешке өңірдің батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Ақтау қаласында да 26 қыркүйекте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді.


27 қыркүйек күні Маңғыстау облысында желдің күші 15–18 м/с дейін артады деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі әлі де сақталады.


Ақтауда 27 қыркүйекте желдің екпіні 15 м/с шамасында болады.

112
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!