Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«МК Caspiy» өнімдері экспортқа шығарыла бастады

|
26.09.2025 19:31
«МК Caspiy» өнімдері экспортқа шығарыла бастады

«Каспий машина жасау» компаниясы өз өнімдерін шетелге экспорттауды бастады. Бүгін кәсіпорын Түркіменстан еліне 8 дана цементтеу агрегатын жөнелтті. Бұл мекеменің сыртқы нарыққа шығудағы алғашқы қадамы болып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Компания ішкі нарықта екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мұнай компанияларының тапсырысымен 300-ге жуық техника жасап шығарған. Енді кәсіпорын Қазақстанмен көршілес елдерге сапалы автотехникаларын ұсынуды қолға алып отыр. Қазіргі таңда Түркия, Тәжікстан және Әзірбайжан мемлекеттерімен келіссөздер жүргізілуде.

 

Машина жасау зауытында әртүрлі техникалар дайындалады. Атап айтқанда, жылжымалы бу қондырғысы, жанармай цистерналары, мұнайды жылыту пештері, газ компрессорлық қондырғылар, сепараторлар және борттық тіркемелер шығарылады. Сондай-ақ битум тасымалдағыш секілді өнімдер де өндіріс көлеміне енгізілген.

 

Кәсіпорын бүгінде еліміздің ірі мұнай-газ компанияларымен серіктестік орнатқан. Олардың қатарында «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы және өзге де өндірістік кәсіпорындар бар.

 

Компания өкілдерінің айтуынша, зауыттың дамуы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында қарқын алып отыр. Маңғыстау облысы әкімдігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, сондай-ақ «KazakhExport» пен «QazTrade» институттарының көмегі сыртқы нарықтарға жол ашуда маңызды рөл атқаруда. «Каспий машина жасау» ұжымы бұл қолдауды сезініп, алдағы уақытта ел Президентінің индустриялық саясаты аясында жаңа бастамаларды іске асыруға ниетті.

 

«Қазіргі таңда бізде 20 шақты техниканың жобасы бар. Олар шетінен өнір ретінде шығарылып жатыр. Техникаларымыздың бәрі заман талабына сай. Шетелдік конкуренттерімізбен тепе-тең келетін техникалар болып табылады. Еңбегіміздің жемісі көрініп, тапсырысберушілердің отзывтарына қарайтын болсақ, өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп тұр. Біздің Қазақстанда алғашқы болып шығарылған газокмпорессерная станциямыз бар. Ол толықтай жасалып, тапсырыс беруге жеткізілген болатын», - деді «Каспий машина жасау компаниясы» жшс конструктор бюросының басшысы Нұрхат Есқазы. 
124
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!