Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда құдық қазуға берілетін субсидия көлемі 80%-ға дейін артуы мүмкін

|
25.09.2025 10:19
Маңғыстауда құдық қазуға берілетін субсидия көлемі 80%-ға дейін артуы мүмкін
wikipedia

Маңғыстау облысында жайылымдарды суландыруға арналған құдықтарды қазуға берілетін мемлекеттік қолдау күшейтіледі. Бұған дейін шаруаларға құдық қазуға кеткен шығынның 50% өтелсе, енді бұл көрсеткіш 80%-ға өсуі мүмкін. Бұл жаңашылдық «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» жобасы аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, соңғы үш жылда 47 құдық қазылып, оған 238 млн теңге көлемінде мемлекеттік субсидия бөлінді.

• 2022 жылы – 21 құдық (119,7 млн теңге),

• 2023 жылы – 22 құдық (129,3 млн теңге),

• 2024 жылы – 1 құдық (3,5 млн теңге).


Сонымен қатар, қазір облыс бойынша иесіз жатқан 546 құдық анықталған. Оның 503-і аудан әкімдіктерінің теңгеріміне берілді. Атап айтқанда, Бейнеу ауданында – 61, Қарақияда – 5,Маңғыстау ауданында – 430, Мұнайлыда – 2,Түпқарағанда – 5 құдық бар. Қалған 43 құдықты заңдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 6,9 млн теңге бөлу жоспарланған. 


Айта кетейік, құрғақ әрі шөлейтті Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін жерасты суын игеру – басты міндет.

190
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!