Caspian көрмесі: халықаралық көрмеде шоколад қосылған құрт ұсынылмақ

Маңғыстау туризм колледжі
Маңғыстау туризм колледжінің оқытушылары мен студенттері халықаралық “Caspian” көрмесінде ұсынылатын ұлттық тағамдарды заманауи технологиямен дайындауда, деп хабарлайды, otpannews.kz сайты.
«Құртты шоколад – құртты арнайы технологиямен қайнатып жасалған өнім. Басты ерекшелігі – оның табиғи формасының сақталуы, әрі жаңа дәмнің жасалуы. Қайнату процесі құрттың құнарлылығын арттырып, құрамындағы кальций, ақуыз және дәрумендердің сақталуына мүмкіндік береді. Ал шоколадпен үйлесімділік технологиялық тұрғыда жетілдіріліп, дәмдік қасиеттері ерекше үйлесім тапқан. Нәтижесінде, құрттың өзіндік қышқылтым дәмі мен шоколадтың нәзік тәттілігі бір-бірін толықтырып, дәстүрлі өнімге заманауи сипат береді»,- деді Маңғыстау туризм колледжінің өндірістік оқыту шебері Елдана Есен.
Оның айтуынша, бұл – ұлттық ас пен кондитерлік өнердің тоғысуынан туған әрі пайдалы, әрі ерекше десерт түрі.
189



Комментарии
Комментарии
Нет комментариев