Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Құрметті арыз беруші

|
23.09.2025 15:33
Құрметті арыз беруші

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жолданымдар мынадай тәсілдермен беріледі:


1) қолма-қол;

2) пошта байланысы арқылы;

3) «Электрондық Үкімет» порталы арқылы (электрондық цифрлық қолтаңба қойылған кезде);

4) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (өзімен электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек).


Интернетке қосылған ұялы телефон арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша немесе «Айту» мобильді қолданбасы https://i2.app.link/eotinish_FAQ және «eGov mobile» https://egovmobile.page.link/eotinish платформасы арқылы өтіп жолданым беруге болады, ол үшін:


- авторизациядан өту (тіркелу);

- жолданым түрін таңдау;

- «Министрліктер», «Әкімдіктер», «Басқа да мемлекеттік органдар» тізімінен мемлекеттік органды таңдау;

- жолданымның мәнін сипаттау;

- қажет болған жағдайда файлдарды тіркеу (аудио және бейне файлдар, сондай-ақ жиынтық мөлшері 80 мб-тан асатын файлдар қоса берілмейді);

- нақты тұратын мекенжайын көрсету;

- электрондық цифрлық қолтаңба немесе «Digital ID» арқылы қол қою және жіберу қажет.


Осыған байланысты, жолданымдарыңызды тіркеу және қарау үшін оны жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен Департаментке бере аласыз.


Сонымен қатар жолданымға берілген жауапты https://eotinish.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе келесі сілтемелерді басу арқылы көре аласыз: Aitu https://i2.app.link/eotinish_FAQ / eGov mobile https://egovmobile.page.link/eotinish.


Одан әрі «Менің өтініштерім» салымын тексеру қажет, жолданым мәртебесі «Орындалды» болуы тиіс, төменде «МО жауабын жүктеу» түймешігін және тіркелген файлдарды немесе ілеспе хатты көресіз.


Нәтижелермен, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе жолданым нөмірі бойынша жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшесінде таныса аласыз.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасын жүзеге асыру аясында қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде электронды үндеу терминалдары орнатылды.


Осы мақсатта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті сотталғандарға мекеме әкімшілігінің бақылауынсыз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін функцияны әзірледі. Қазіргі таңда бейнеқоңырау арқылы арыздану іске асырылды.


Терминалдарды орнату сотталғандарға мекеме әкімшілігін айналып өтіп, шағымдар мен өтініштерді жіберуге, мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануына мүмкіндік береді.


Құрылғының функционалдық мүмкіндіктері болғандықтан, сотталушы өз өтінішін өзі жіберуі үшін құрылғыны әзірлеушілер «Secugen» деп аталатын биометриялық саусақ ізі сканерін ұсынады.


Бұл жай ғана бағдарлама емес – бұл колониядағы барлық сотталғандардың саусақ іздері мен анықтамалық деректері енгізілетін мәліметтер базасы.


Терминал бұзылудан қорғалған, үздіксіз қуат көзінен, сенсорлық экраннан, принтерден, веб-камерадан, қол жетімді шрифті бар ыңғайлы сенсорлық пернетақтадан және сыртқы құрылғыларды қосуға арналған қосымша USB порттарынан тұрады.

Терминалдың негізгі функционалдық принципі – сотталғандардың мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз электронды өтініштерді жіберу мүмкіндігі, бұл процестің өзі ашықтығын қамтамасыз етеді.


Процесті цифрландыру жабық мекемелердегі азаматтарды ықтимал заңсыз әрекеттерден қорғау деңгейін арттырады.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің

Маңғыстау облысы бойынша департаменті

343
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!