Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мұнайлы тұрғынына заңсыз оқ-дәрі сақтағаны үшін айыппұл салынды

Мұнайлы тұрғынына заңсыз оқ-дәрі сақтағаны үшін айыппұл салынды

Мұнайлы аудандық сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол аңшы оқ-дәрілерін тиісті рұқсатсыз сақтағаны үшін айыпталған. Сот анықтағандай, К. өз үйінде 12 мм калибрлі 1 дана және 20 мм калибрлі 5 дана аңшы оқ-дәрісін рұқсатсыз сақтаған, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот отырысында К. өз кінәсін мойындап, оқ-дәрілерді тауып алғанын түсіндірген. Оның кінәсі өзі берген түсініктемелермен, криминалист қорытындысымен және өзге де іс материалдарымен дәлелденді.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларға қару мен оның негізгі (құрамдас) бөліктерін рұқсатсыз сақтағаны үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, қару мен оқ-дәрі тәркіленетіні қарастырылған.


Сот қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ оқ-дәрілер тәркіленді.


Сот шешімі заңды күшіне енді.

114
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!