Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

АЭС атауына арналған конкурс: Тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім келіп түсті

|
27.09.2025 13:27
АЭС атауына арналған конкурс: Тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім келіп түсті
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйекте жарияланды. Байқауға 1 күннің ішінде 9 945 ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


- Байқауға қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған. Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау,- делінген ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің мәліметінде. 


Айта кетейік, байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:

- тілді таңдау (қазақ немесе орыс);

- атаудың өз нұсқасын ұсыну;

- қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;

- конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.


Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

92
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!