Otpan News Logo

Тарихи фотосурет: 9 жасында Ауған асқан, 90 жасында елге оралған ақсақал

|
30.01.2026 16:05
Тарихи фотосурет: 9 жасында Ауған асқан, 90 жасында елге оралған ақсақал

Қазақ халқының тарихында «Ұлы көш» деп айдарланған қандастардың елге оралу процесінің ең бір тебіреністі сәті бейнеленген сурет – Сағынай ақсақалдың атамекен топырағын өпкен сәті. Тәуелсіздіктің тірі символы деп жарияланған бұл суретті ақын Қазыбек Иса бөлісті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Фотосуреттің авторы – Болат Омарәлиев. Бұл оқиға 1993 жылы Қызылорда қаласының әуежайында болған. Кадрдың кейіпкері — Сағынай Қарабазар есімді ақсақал. Ол 1930 жылдардағы нәубет кезінде небәрі 9 жасында Ауғанстан асқан. Содан бері сегіз онжылдық өткенде ғана туған жеріне табаны тиген.


«Тоқсан жастағы Сағынай Қарабазар ақсақал ұшақтан түсе сала: «Балам, бұл қазақтың жері ме?»- деп сұрайды. «Иә, ата!» деген сөзді естігенде, қария топырақты өбе жығылады. 9 жасында қызылдар қырғынынан қашып, жат жерге ауған бала Сағынай араға 80 жыл салып атамекеніне осылай оралды»,- деп бөліскен Болат Омарәлиев.


Фотограф Болат Омарәлиев түсірген бұл кадрда қарияны демеп, көзіне жас алып тұрған – меценат Шәрібай Тобжан. Қасындағы кейуананың алаңдаулы жүзінде де қаншама тағдыр жатыр.

261
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!