Таңғажайып жаңа жыл: Ақтауда балаларға шырша мерекесі өтті
Бүгін Ақтауда қала әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүгінген өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында жаңа жылдық шырша ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Жиынның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту , балаларға қолдау көрсету және жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Мерекелік іс-шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама көрсетіліп, ойын-сауық ұйымдастырылды.
“Бұл орталық 2021 жылдың маусым айынан бері жұмыс істеп келеді. Бізде жаңа жылдық шырша дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Біздің орталықта 180-ге жуық адам тіркелен. Жыл басынан бері 1327 отбасыға қолдау көрсетілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кез келген жанға көмек көрсетуге дайынбыз. Бізде заңгер, психолог және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді”,- деді «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Назила Қаржаубаева.
Мерекелік жиын соңында жеке азаматтар мен кәсіпкерлер қолдауымен алынған тәтті сыйлықтар балаларға үлестірілді.