Otpan News Logo

Ақтауда Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі логистикалық база салынады

|
25.12.2025 16:20
Ақтауда Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі логистикалық база салынады

2026 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалар нәтижесінде 1629 жаңа жұмыс орны құрылмақ, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 


Жоспарланған инвестициялық бастамалар өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өндірістік қуатты арттыруға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.


Ақтауда Еуразиялық жеткізу тізбегінің базасын салынады. Жоба аясында теңіз, теміржол және автокөлік инфрақұрылымдарын біріктіретін заманауи логистикалық орталықтар құрылып, контейнерлік тасымал, сақтау және қайта өңдеу қызметтері дамытылады. Бұл база Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін арттырып, өңір экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Инвестиция көлемі - 10 млрд теңге. 


Келер жылы сондай-ақ, АЭА аумағында электр өткізгіштер мен электрмонтаждық құралдар, полипропилен, полиэтилен, термоусадка және стрейч пленка, су тазалау фильтрлері, гипсокартон және асфальтобетон қоспасы өндірістерін іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар, қара және түсті металл қалдықтарын қайта өңдейтін шағын зауыт, насостық штангалар, алдын ала оқшауланған және полиэтилен құбырлар шығаратын кәсіпорындар ашылмақ.


Айта кетейік, қазіргі таңда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 57 қатысушы тіркелген. Оның 27 жобасы іске қосылған, ал 30 жоба жүзеге асырылу сатысында. Сонымен қатар, жалпы инвестиция көлемі 482,6 млрд теңгені құрайтын 14 әлеуетті ірі инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Бұл жобалар аясында шамамен 1 300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!