Otpan News Logo

Сайөтес пен Ұштағанда өрт сөндіру бекеті ашылды

|
30.12.2025 12:15
Сайөтес пен Ұштағанда өрт сөндіру бекеті ашылды

Маңғыстау ауданына қарасты Ұштаған және Сайөтес ауылдарында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт пунктін құру бөлімшелердің оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға және халықты, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым объектілерін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пункт қажетті өрт техникасымен және жабдықтармен жабдықталған, бұл өрттерге және өзге де төтенше жағдайларға тәулік бойы даярлықты қамтамасыз етеді.


Жаңа өрт пунктінде тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Нысанның ашылуы жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті жерлерде азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.


“Сайөтесте өрт сөндіру бекетін ашу – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтудағы маңызды қадам”,- делінген департамент хабарламасында. 


Ұштаған ауылының халық саны 1400-ге жуық. Жаңа өрт сөндіру пункті ауыл мен жақын маңдағы елді мекен халқының қауіпсіздігін қатамасыз етеді. Ұштаған ауданының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым қашықта, теңіз деңгейінен 172 метр биіктікте орналасқан.


Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде өрт инфрақұрылымын дамыту азаматтық қорғау жүйесінің маңызды міндеті және орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара іс-қимылының нәтижесі.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!