«AMANAT» партиясы ерекше балаларға қуаныш сыйлады
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекенің өтуіне қолдаушы болған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігі балаларға 150 жаңа жылдық сыйлық табыстады. Оқушылар сарайының ұжымы іс-шараға ерекше көрініс сыйлап, театрландырылған қойылымдар көрсетті.
Іс-шара соңында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев барлық баланы жаңа жылмен құттықтап, отбасындағы әрбір күндерінің бақытты болуын тіледі. Сонымен қатар осы шараның өтуіне ықпал еткен «ҚазМұнайГаз» өкілдігіне алғысын білдірді.
Маңғыстау облыстық «Бочча» спорт федерациясының жетекшісі Қарлығаш Альмухамбетова мүмкіндігі шектеулі балаларға үнемі қолдау көрсетіп, жаңажылдық қуаныш сыйлағаны үшін партияға Алғыс хат тапсырды.