Департамент жанындағы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті
Кеңесші орган әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығының артуы және оның қоғамдағы имиджінің жоғары деңгейінің қалыптасуына, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік, мәдени, экологиялық бағыттарда өз көзқарастарымен бөлісуге оларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер туындатады.
12 желтоқсанда өткізілген Еріктілер кеңесінің отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған іс-шаралар және жыл қорытындысы бойынша кеңесші органның қызметіне қатысты ерікті бастамаларға белсене қатысқан мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Өздерінің ерікті бастамасымен Мемлекеттік қызметті насихаттау арқылы, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға өз үлестерін қосқан Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы А.Тұрақбаева, Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ж.Эседов және Батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Біләл марапаталды.
Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша Азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен мемлекеттік орган қызметінің арасындағы үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілерден және азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған волонтерлер топтарымен мемлекеттік органның міндеттерінен туындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шараларға қатысу бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдердің бастамасы және қатысуымен 94 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген.
Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, жиынға қатысушы мемлекеттік қызметтегі ардагерлер мен көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, еріктілер кеңесінің мүшелері жас мемлекеттік қызметшілермен еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шараларды дәріптеудің тетіктерін кеңейту бойынша 2023 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанында «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз қызметін жүзеге асырып келеді.