Қызылөзенде өрт сөндіру пункті ашылды
Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов қатысты. Басшылар өрт сөндіру бөлімшесінің елді мекенге жақын болуы оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға және тұрғындардың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаңа ғимараттың ашылуы саладағы материалдық-техникалық базаны нығайту ғана емес, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне бағытталған қадам екенін баса айтып өтті.
Айта кетейік, Қызылөзендегі жаңа өрт сөндіру пунктінде жаңа жұмыс орындары құрылды, тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді.
Жаңа нысан жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.