Ұлттық ұлан сапында әскери психологтарға құрмет көрсетілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жыл сайын 25 желтоқсанда атап өтілетін Психологтар күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі психологиялық қызмет мамандарының маңызды рөлі атап өтілді. Әскери психологтардың жұмысы бөліністердің қызметтік дайындығына, жағымды моральдық ахуалдың қалыптасуына және әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығын сақтауға тікелей әсер ететіні айтылды.
Жоғары кәсіби шеберлігі мен қызметтік іс-әрекеттегі жетістіктері үшін бірқатар мамандарға Алғыс хаттар табыс етілді. Әскери психологтарға қызметке деген жауапкершілігі, сезімталдығы және жеке құраммен жұмыс істеудегі жүйелі тәсілдері үшін ризашылық айтылды.
Өңірлік қолбасшылық басшылығы психологиялық қызмет мамандары алдағы уақытта да әскери қызметшілердің рухын нығайтуға және Ұлттық ұлан алдында тұрған міндеттерді табысты орындауға қомақты үлес қоса беретініне сенім білдірді.