Otpan News Logo

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

|
25.12.2025 19:10
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.


Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсқа қайта қатысуға болады. Бұл әлеуетті үміткерлер қатарын көбейтіп, олардың бағдарламада бағын сынап көруіне қосымша мүмкіндік ұсынады.


Конкурс қорытындысы бойынша комиссия еліміздің 225 азаматына халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Орта есеппен бір орынға 4 үміткерден келді. Сонымен қатар биыл шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарға қойылатын талаптар өзгерді. Яғни олар міндетті түрде беделді халықаралық рейтингтердің үздік жүздігіне енген болуы керек. Бұл «Болашақ» стипендиясы аясындағы академиялық білім сапасын арттыруға жол ашады.


Жаңа стипендианттардың 152-сі – магистратурада, 16-ы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!