Көктайғаққа байланысты Маңғыстауда жол қозғалысы уақытша шектелді
Маңғыстау облысында көктайғақ салдарынан Жетібай-Ақтау автожолында барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды otpannews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 27 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 718-786 шақырым аралығында (Жетібай ауылынан Ақтау қаласына дейін) барлық автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
«Бұл шектеулер ауа райының күрт нашарлауына, ауа температурасының төмендеуіне, жаңбыр жаууына және жолда көктайғақтың пайда болуына байланысты енгізілді», - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол сағат 16:00-ге дейін жабық болады.