Otpan News Logo

Ақтауда есірткі заттарын заңсыз тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды

|
30.12.2025 18:30
Ақтауда есірткі заттарын заңсыз тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды

Ақтауда полиция есірткі заттарын заңсыз тасымалдау әрекетінің алдын алды. Пошта арқылы келген сәлемдемені алу сәтінде күдіктілер полицияның көлікті тоқтату жөніндегі заңды талабына бағынбай, автокөлікпен қашуға тырысқан, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Қуғын кезінде күдіктілер жол жиегіне белгісіз ораманы лақтырып, қашуын жалғастырған. Кейіннен автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырап, күдіктілер жаяу қашпақ болғанымен, құқық қорғау қызметкерлері оларды қолға түсірді.

 

Оқиға орнын тексеру барысында лақтырылып кеткен орамадан жалпы салмағы шамамен 400 грамм героин табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың есірткі екені расталды.


Аталған оқиға бойынша есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

 

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!