Otpan News Logo

Маңғыстаулық Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турнирінде күреседі

|
30.12.2025 14:25
Маңғыстаулық Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турнирінде күреседі
Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстаулық дзюдошы ақпан айында Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Франция астанасында өтетін дәстүрлі турнирге қатысатын спортшылар есімін жариялады. Олардың қатарында ҚР ұлттық құрамасының татами шеберлері бар.


Бұл ретте Қазақстан құрамасынан сегіз балуан аталған турнирде күреспек. Олардың арасында Маңғыстау облысының дзюдошысы Бауыржан Нарбаев (66 кг) жыл басындағы маңызды бәсекеде шеберлігін байқап көреді.


Ұлттық құрама балуандары:

48 кг: Әбиба Әбужақынова

60 кг: Шерзод Давлатов

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

81 кг: Абылайхан Жұбаназар

90 кг: Айдар Арапов

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров.


Айта кететін жайт, бұл турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді. Сондай-ақ, Бауыржан Нарбаев жақында Семейде өткен ел чемпионатында 66 келіде топ жарған болатын. Бұдан бөлек, маңғыстаулық дзюдошы Ақтауда өткен Азия кубогында үздік үштікке енген. 

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!