Otpan News Logo

Өңірде мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

|
24.12.2025 11:37
Өңірде мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

Ақтауда мәдениет және өнер саласының үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметі кеш өңір үшін айрықша маңызға ие болған «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының қорытынды іс-шарасының бірі ретінде ұйымдастырылғанын атап өтті. Бір жыл бойы түркі дүниесінің рухани ордасына айналған Маңғыстау өңірінде жүзеге асқан ауқымды мәдени жобалар мен халықаралық шараларда еңбек еткен мәдениет қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланды.


Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиева құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласы қызметкерлерінің өңір руханиятын дамытудағы еңбегін атап өтті.


Салтанатты іс-шарада сала өкілдеріне Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында белсенді қызмет атқарған азаматтар ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың алғыс хатымен марапатталды.



Кеште дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық «Ең үздік ауыл клубы» байқауының жеңімпаздары анықталып, үздік ауылдық мәдениет үйі марапатталды.


Облыстық «Ең үздік ауыл клубы» байқауының бас жүлдесі Маңғыстау ауданы «Қосбұлақ» ауыл клубына бұйырды. Жүлделі I орынды Бейнеу ауданы «Есет» ауыл клубы, II орынды Маңғыстау ауданы «Шебір» ауыл клубы, III орынды Мұнайлы ауданы «Баянды» ауыл клубы, Маңғыстау ауданы «Ақшымырау» ауыл клубы, Бейнеу ауданы «Төлеп» ауыл клубы иеленді.



Сондай-ақ, «Жылдың үздік музей қызметкері», «Жылдың үздік экскурсоводы», «Жылдың үздік кітапханашысы», «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік хореографы», «Жылдың үздік айтыскер ақыны», «Жылдың үздік суретшісі» және басқа да бірқатар номинация бойынша үздіктер анықталып, марапат тапсырылды. 


Атап айтқанда, «Жылдың үздік музей қызметкері» - Балабаева Айгүл Сарсенғалиқызы


«Жылдың үздік экскурсоводы» - Сандуғаш Бауыржанқызы

 

«Жылдың үздік қор сақтаушысы» - Нарешева Маржан Ибраевна

 

«Архив саласының үздігі» - Себепбаева Құралай Лесбайқызы


«Жылдың үздік кітапханашысы» - Қозбекова Бибігүл Түзелбайқызы

 

«Жылдың үздік сценографы» - Қаниев Нысанғали Молдағалиұлы


«Жылдың үздік музыкалық-драма әртісі» - Бақбердиева Майра Сәрсенқабылқызы


«Жылдың үздік жарық операторы» - Айжігіт Еламан Жүсіпұлы


«Үздік театр режиссері» - Насырова Надежда Николаевна


«Үздік қуыршақ актері» - Бигашев Ержан Аукенұлы


«Үздік қуыршақ жасау шебері» - Александр Петрович Кудин


«Жылдың үздік аспапшысы» - Жұмабаев Жәнібек Абдрахманұлы


 «Жылдың үздік дыбыс операторы» - Уралбаев Бағдат Амалханұлы


«Жылдың үздік әншісі» - Оңайбайұлы Алпысбек


«Жылдың үздік дирижеры» - Мұратов Әлібек Қанатқалиұлы


«Жылдың үздік клуб қызметкері» - Садуова Лайла Манарбековна


«Жылдың үздік айтыскер ақыны» - Абай Жолмағамбетов


«Жылдың үздік айтыскер ақыны» - Байжігіт Бейбіт Ықыласұлы


«Жылдың үздік креативті қызметкері» - Жауынбай Әйгерім Шабайқызы


«Жылдың үздік суретшісі» - Есенов Мейржан Тоқсанбаевич.


«Жылдың дарынды балалар бағбаны» - Жарылқапова Тыныштық


«Жылдың үздік хореографы» - Сариева Айнұр Жаңабайқызы.


«Жылдың үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы» - Күзембаева Рысгүл Қалмұратқызы атанды.

133
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!