Otpan News Logo

Мұнайлыда прокуратураның ықпалымен дәрігерлерге тиесілі 273 млн теңге жалақы төленді

|
29.12.2025 15:02
Мұнайлыда прокуратураның ықпалымен дәрігерлерге тиесілі 273 млн теңге жалақы төленді
gov.kz

Мұнайлы ауданында медицина мамандарының жалақысы іске прокуратура араласқаннан кейін ғана берілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерінің құқығының бұзылғанын анықтады. Оның ішінде, биыл қазан айындағы жалақы белгіленген мерзімде төленбеген.


- Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде 273 млн теңгеден астам мөлшерде аурухана қызметкерлерінің жалақысы төленді, бұл олардың конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деп жазды прокуратура органы.
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!