Otpan News Logo

Шығыстанушы Ислам Жеменей: «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы туралы бала күнімізден естіп өстік»

|
18.09.2026 13:59
Шығыстанушы Ислам Жеменей: «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы туралы бала күнімізден естіп өстік»

Бүгін Ақтауда Оразмағанбет Тұрмағанбетұлына арналған халықаралық ғылыми конференция өтуде. Жиынға қоғам белсенділері, зиялылар, Оразмағанбет ата ұрпақтары, ғалымдар мен Ираннан арнайы келген қонақтар қатысып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Конференция спикері Ислам Жеменей – Иран мен Қазақстан арасындағы рухани-мәдени байланыстарды нығайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқан шығыстанушы, кандидат-доктор.


Оның айтуынша, Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы қиын-қыстау заманда да білім алуға, ұрпағының санасын биікке көтеруге ұмтылған. Сондай-ақ ол білімді тек өзін көрсету немесе күн көру мақсаты үшін емес, елдің игілігіне қызмет жасау, мектеп пен мешіт салу, халықтың рухани санасын ояту үшін алды. 


«Бүкіл өркениеттердің түпкі қазынасы – кітапхана. Егер кітап оқымасақ, ешқашан биік белестерге жете алмаймыз. Өз заманындағы құнды қолжазбаларды жинап, академиялық кітапханалардың қорын байытуға атсалысқан тұлғалардың еңбегі – осының айғағы»,- дейді Ислам Ақмұратұлы. 


Ол Иранда туып-өсіп, жергілікті жоғары оқу орнын аяқтаған. Кейін оқуды Стамбул қаласында жалғастырып, ғылыми дәрежесін қорғады. 


«1990 жылы Қазақстанда Шығыстану факультеті ашылған тұста арнайы шақырту алып, Қазақстанға келдім. 1991 жылға дейін келісімшартпен, кейін ресми тіркеліп, жұмыс істедім. Содан бері міне, 30 жылдан астам уақыт Қазақстандағы шығыстануға үлес қосып келемін», – дейді ғалым.


Осы жылдар ішінде ол Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ораз Мұхаммедтің 400 жылдығына қатысты тың тарихи деректерді жинауға белсене қатысып, қазақ шығыстануының қалыптасуына айтарлықтай еңбек сіңірді.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!