Otpan News Logo

Қарақияда жастарға арналған тегін оқыту курсы басталды

|
18.09.2026 10:02
Қарақияда жастарға арналған тегін оқыту курсы басталды

Қарақияда «Талаптан» жобасы аясында SMM бағыты бойынша тегін оқыту курсы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz


Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметінше, екі күнге жоспарланған оқытуға 20 жас қатысып жатыр. Қатысушылар әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу, контент әзірлеу, SMM құралдарын пайдалану және жеке брендті дамыту бағыттары бойынша білімдерін жетілдіреді.


Курсты SMM саласында 6 жылдық тәжірибесі бар спикер Регина Амандыкова жүргізеді. Тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар алған білімдерін нақты тапсырмалар арқылы бекітеді.


Айта кетейік, 2026 жылы «Талаптан» жобасы аясында бұл – үшінші оқыту курсы. Жыл басынан бері өткізілген үш оқыту нәтижесінде 60-тан астам қатысушы сертификатталды. Сонымен қатар, 10-нан астам қатысушы жеке кәсібін бастап, алған білімдерін табыс көзіне айналдырып келеді.


«Талаптан» жобасы – жастарға жаңа дағдыларды меңгеріп, өз мүмкіндіктерін арттыруға және еңбек нарығында өз орнын табуға бағытталған нақты мүмкіндік.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!