Ақтауда Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының мұрасына арналған ғылыми конференция өтеді
18 қыркүйек күні Ақтауда «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы: таным және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының өмірі мен қызметін кеңінен насихаттау, оның өнегелі мұрасын қоғамға үлгі ету, тарихи сабақтастықты нығайту, сондай-ақ ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Алқалы жиынға шетелдік және республикалық деңгейдегі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, тарихшылар, мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысады.
Конференция барысында қатысушылар Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы экспонаттар қойылған көрмені тамашалайды.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 34-шағынаудан, Достық үйі
Уақыты: 10:00