Otpan News Logo

Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

|
18.09.2026 10:22
Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері , әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов «Спортшылар кеңесінің» басшылық құрамына қосылды, деп хабарлайды otpannews.kz.

Әділбек Ниязымбетов ұзақ жылдар бойы   Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, отандық бокстың таныма тұлғасына айналды.  Спортшы енді жинаған тәжірибесін спорт саласының дамуына бағыттауды көздеп отыр.


«Спортшылар кеңесінің» Даму жөніндегі директор ретінде Әділбек Сәбитұлы жаңа жобаларды ілгерілетуге, өңірлік өкілдіктердің жұмысын жандандыруға, серіктестік аясын кеңейтуге және спортшыларға арналған жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға атсалысады. «Спортшылар кеңесі» үшін әр спортшының үні естілуі, тәжірибесі ескерілуі және спорттан кейінгі өміріне де қолдау көрсетілуі маңызды. Осы мақсатта Кеңес спорт қауымдастығын біріктіріп, нақты жобалар мен жүйелі бастамаларды жүзеге асыруды көздейді», - деп жазылған хабарламада.


Әділбек Ниязымбетов бұған дейін Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры қызметін атқарған. 


70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!