Otpan News Logo

Шевченкодан Ақтауға дейін: Ақтаулық тұрғынның коллекциясында 10 мың архив сурет бар

|
18.09.2026 14:14
Шевченкодан Ақтауға дейін: Ақтаулық тұрғынның коллекциясында 10 мың архив сурет бар

Қала тарихын көздің қарашығындай сақтап, оны келешек ұрпаққа мұра ету – үлкен жауапкершілік. Ақтау қаласының тұрғыны Рафхат Оразбаев бұрынғы Шевченко қаласының іргетасы қаланып жатқан кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі 10 мыңға жуық архив сурет жинаған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Коллекционер бұл іспен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан. Оның басты мақсаты – жастар мен өскелең ұрпаққа қаланың тарихын сурет арқылы сақтап, көрсету.  


Ол қаладағы барлық шағынаудан мен ғимараттардың, сондай-ақ сауда үйлері мен мәдениет ошақтарының ескі фотоларын жүйелі түрде жинап, көпшілікке ұсынып отырады. Бұл ретте ол instagram әлеуметтік желісінен парақша ашып, суреттерді белсенді түрде жүктеп отырады. 


Қаланың өткені мен бүгінін салыстырған тұтас бір тарихты жинақтаушы кейіпкер екі кезеңнің айырмашылығы жер мен көктей екенін айтады. 


«Ақтау бұрын қарапайым инженерлер мен құрылысшылар қаласы болған. Бүгінгі таңда бұл өңір биік ғимараттары бар облыс орталығына айналып отыр»,- дейді Рафхат Оразбаев.
40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!