Otpan News Logo

Ш.Есенов университетінде Академиялық адалдық лигасының мониторингі басталды

Ш.Есенов университетінде Академиялық адалдық лигасының мониторингі басталды

Халықаралық ICAI қағидаттарына негізделген Академиялық адалдық лигасының мониторинг тобы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне іс-сапармен келді, деп хабарлайды otpannews.kz.


8-10 сәуір аралығында Академиялық адалдық лигасының мониторинг тобы университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізеді. Сонымен қатар, оқу процесінің ашықтығы мен адалдығы тексеріліп, цифрландыру және академиялық адалдықты бақылау жүйелері бағаланады.


Мониторингтің мақсаты - университет бойынша үздік тәжірибелерді анықтап, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.


Іс-шара - университеттің академиялық адалдық стандарттарына сәйкестігін айқындап қана қоймай, еліміздің жоғары білім беру жүйесінің сапасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.


Аталған шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің назарында.


“Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мен оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, білім саласында академиялық адалдық принциптерін енгізуде. Біздің мемлекетімізде 36 жоғары оқу орны академиялық адалдық лигасына кіріп отыр. Өңірдегі Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті осы лигаға кірді. Осыған байланысты мониторинг тобы келіп, оқу орнының дайындығымен танысты. Болашақта барлық университет осы қатарға кіреді. Оның ішінде мектеп пен колледж де бар. Бұның мақсаты оқушылар мен студенттерді адал білім алуға тәрбиелеу”,- деді Департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.


“Мониторинг тобы 7 бағыт бойынша тексеріс жұмысын жүргізуде. Университетімізде адалдық қағидасы қаншалықты сақталатынын басшылықпен бірге бақылап, қызметкерлермен пікір алмасты. Кездесу барысында түрлі ұсыныстар айтылды. Мониторинг топ алдағы күндері оқытушылар мен студенттер арасында кездесу өткізеді”,- деді Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Ренат Шайхаденов.
77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!