Otpan News Logo

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

|
07.04.2026 19:25
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов үшінші орын үшін белдесуде жеңіске жетті, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.


87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан балуаны Довлетмурат Байрамовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесудің алғашқы кезеңінде партердегі мүмкіндігін тиімді пайдаланған отандасымыз таблодағы есепті 9:0-ге жеткізді.


Осылайша Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаттарында алтыншы рет жүлде иеленді. Отандық балуан бұған дейін құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген еді.


Сондай-ақ, 77 келіде Қазақстан балуаны Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовке есе жіберді (1:10).


Ертең турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан балуандары арасынан Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Азия чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады. Сонымен қатар, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлде үшін күреседі.


Сондай-ақ, әйелдер күресі бойынша белдесулер басталады.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!