Маңғыстау облысында ҮЕҰ үшін гранттар конкурсы жарияланды
Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.
Қысқа мерзімді гранттар саны: 2
Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
- Жыртқыш құстар мен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген (соның ішінде жыл құстары) құс түрлерін сақтау және оларға реабилитациялық іс-шаралар жүргізу арқылы уақтылы көмек көрсету;
- Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 8 сәуір мен 28 сәуір аралығы, сағат 18:30-ға дейін
Өтініштерді қабылдау:
- Электрондық пошта: uprrpmangystau@cisc.kz
- Немесе қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 арасында жүзеге асады.
Конкурсқа тек ҮЕҰ деректер базасына тіркелген ұйымдар қатыса алады.
Толығырақ ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптарды мына сайттан қараңыз: https://cisc.kz/
→ «Гранттар» → «Гранттар туралы хабарландырулар».
Байланыс:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07