Otpan News Logo

Бейнеу мен Түпқарағанда ауқымды сенбілік өтті

|
08.04.2026 06:40
Бейнеу мен Түпқарағанда ауқымды сенбілік өтті

Бейнеу және Түпқараған ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бейнеудегі экологиялық акция аясында Бекет Ата жерасты мешіті аумағында, ауданға қарасты 9 ауылда және аудан орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді.


Сенбілікке аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың және аудандық прокуратураның қызметкерлері, «Бейнеу энерго сервис» және «Бейнеу су сервис» мекемелерінің ұжымдары, Бейнеу гуманитарлық және политехникалық колледждерінің мұғалімдері мен студенттері, сондай-ақ 99116 әскери бөлімінің қызметкерлері белсенді қатысты. Тазалық жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылып, 13 арнайы техника тартылды.



- Сенбілікте 145 куб қоқыс шығарылды, аудан аумағында 70-ке жуық ағаш егілді, - делінген хабарламада.


Түрақарағанда аудан орталығы Форт-Шевченко қаласы мен барлық ауылда мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұйым өкілдері, жастар мен еріктілер және тұрғындар сенбілікке қатысты. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды.


Тазалық жұмыстары барысында ағаш түптері қопсытылып, қоршаулар мен орындықтар сырланды. 40 түп ағаш егілді.



- Сенбілікте 9 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, - деп атап өтті әкімдік.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!