Otpan News Logo

Маңғыстауда жаңбырдан кейін саңырауқұлақ көбейеді

Маңғыстауда жаңбырдан кейін саңырауқұлақ көбейеді

Маңғыстау өңірінде көктемгі жаңбырдан кейін саңырауқұлақ көбейеді. Осы сәтті пайдалана отырып Otpannews.kz сайтының түсірілім тобы далалық жерге шығып, саңырауқұлақ терді.


Маңғыстау десе көпшілік шөлейтті аймақты елестетеді. Алайда табиғаттың дайындаған тосынсыйы бар. Көктемгі жауын-шашыннан кейін Маңғыстау өңірінде жер бусанып, табиғат қайта жаңарады. Сондай кезде ылғалды жерлерден саңырауқұлақтарды кездестіруге болады. Халық арасында «біте» деп айтылып кеткен термиттердің ұясына жақын жерлерден саңырауқұлақтарды табуға болады. 


Табиғи өнім болғанымен, әр саңырауқұлақты тану – үлкен жауапкершілік. Дәмі тіл үйіретін бұл ас дұрыс таңдалмаса, денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан саңырауқұлақ жинағанда түр-түсін танып білген абзал.


«Жеуге болатын саңырауқұлақтың өзіндік иісі болады. Сондай-ақ түсі біркелкі болады. Тым ашық немесе тым қанық болмайды. Саңырауқұлақтың қалпағының астына қараған кезде жіпшелері болады. Сол жіпшелерінің біркелкі болғанына назар аударыңыз. Ал улы немесе жабайы түрлерінің түсі өте ашық немесе қанық түсте болады. Иісі де жағымсыз болуы мүмкін»,- деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Салтанат Исаевна.


Өңірде күн шақырап тұрса да, жер әлі ылғал. Аптаның соңына қарай саңырауқұлақтар қаптауы мүмкін. Сондықтан отбасыңызбен бірге саңырауқұлақ теруге шықсаңыз болады.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!