Otpan News Logo

Мұнайлыда «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты экологиялық іс-шара өтті

|
07.04.2026 20:33
Мұнайлыда «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты экологиялық іс-шара өтті

Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылындағы №17 жалпы білім беретін мектеп аумағында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты түлектердің ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Іс-шараға аудан әкімі Қанат Құлжанов, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңестің төрағалары, бөлім басшылары, сондай-ақ мектеп әкімшілігі, ұстаздар, алғашқы түлектер мен ата-аналар қатысты.


Жиын барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды.


Мұнайлы аудандық №17 жалпы білім беретін мектеп директоры Қансұлу Нұрбаева да аталған бастаманың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударды.


-Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу және ел болашағына деген жауапкершілікті арттыру. Акция аясында түлектер мен қонақтар бірлесіп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты,- деді Қансұлу Нұрбаева.


Сонымен қатар алғашқы түлектердің қатысуымен болашақ ұрпаққа арналған хат жазылды. Хат арнайы уақыт капсуласына салынып, мектеп аумағына көмілді.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!