Otpan News Logo

Қазақстанда енді зергерлік бұйымдарға цифрлық құжат жасау міндеттелмек

|
08.04.2026 10:09
Қазақстанда енді зергерлік бұйымдарға цифрлық құжат жасау міндеттелмек

Енді елімізде саудаға салынатын әр зергерлік бұйымға цифрлық құжат жасау әзірленеді. Сатып алушылар алқа, сақина, сырға секілді әр бұйымды QR код арқылы сканерлеп, қайда және неден жасалғаны туралы біле алады. Министрлік мәліметінше, бұл бастама – көлеңеі кәсіпті жойып, салық түсімін арттырады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


31-арнаның ақпаратына сәйкес, қазірдің өзінде әр бұйымға сынама мен арнайы белгі қойылады. Онсыз өнім заңды түрде сатылмайды. Ережеге бағынбағандарға айыппұл қарастырылған. Зергерлердің айтуынша, жаңа талап – артық бақылау. Тіпті бұған дейін басқа тауарларға енгізілген таңбалау да күткен нәтиже бермеді деп отыр.


Таңбалау қосымша шығындарды талап етеді. Бұдан мемлекет емес, табысты таңбалау операторы пайда көреді. Бізге “әр бұйымға 3 теңге ғана” деп айтты. Бірақ бұл – бастапқы баға ғана. Біз 2D-сканерлер, түрлі құрал-жабдықтар сатып алуымыз керек. Сонымен қатар арнайы бухгалтерлік жүйе енгізіп, қосымша маман жалдауға тура келеді”, – деді зергерлік бұйымдар лигасының төрағасы Дінмұхамед Табылды.


Ал министрлік бұл жүйе нарықты “тазартуға” мүмкіндік береді деген ойда. Жоспар бойынша цифрлық таңбалау осы жылдың желтоқсанынан бастап міндетті болады. Әр бұйым арнайы кодпен белгіленіп, оның қозғалысы толық бақылауға алынады. Яғни, кім өндірді, кім сатты, қайдан келді – бәрі тіркеледі. Бұл контрабанданы азайтып, адал бәсекені қалыптастыруға тиіс. Ал бұл бастамада ең көп зардап шегетін топ – сатып алушылар.  


Таңбалау арқылы баға 10-15% көтерілуі мүмкін. Бірақ ашық түрде сауда жасап, ашық түрде сатып алуға мүмкіншілік болады. Бұрынғыдай жасырын көлеңкелі түрде жасай алмайды. Әрине егер олай сатса, бағасын төмендетіп сатуға тура келеді”, – деді экономист Дулат Мыңбаев.


Кәсіпкерлердің есебінше, жаңа жүйе бағаны тіпті 40%-ға дейін өсіруі мүмкін. Бұл тек бизнеске емес, қарапайым тұтынушы қалтасына да соққы болмақ.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!