Otpan News Logo

Маңғыстауда ветеринариялық бақылау жұмыстары белсенді жүргізілуде

|
06.04.2026 11:07
Маңғыстауда ветеринариялық бақылау жұмыстары белсенді жүргізілуде

Маңғыстау облысында 2025–2026 жылдары ветеринариялық бақылау белсенді жүргізіліп, өңірде эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бекжан Бекібаев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Спикердің айтуынша, ветеринариялық қызмет 7 станция мен 47 ауылдық пункт арқылы көрсетілді, жалпы 358 маман жұмыс істейді. 


- 2025 жылы 813 276 доза вакцина егілді, 221 770 қан сынамасы зерттелді. Облыста 7 мал қорымы және 2 кран-манипуляторлық қондырғысы жұмыс істейді. Ал биыл 946 098 доза вакцина егілмек. Облыста 3 жаңа ветеринариялық станция мен 38 мал қорымын салу жоспарлануда, - деді Бекжан Бекібаев. 


Брифинг барысында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин ветеринариялық қызметте цифрландыру енгізілгенін атап өтті.


- Ветеринариялық қызметте «TortTulik» мобильді қосымшасы, VetLab, RPO және «Ветеринариялық санитариялық сараптама» модульдері іске қосылып, мал қозғалысын бақылау жеңілдеді, қызметтер қашықтан алынуда. Қолданушылар саны 4 630-ға жетті. 2025 жылы облыс арқылы экспорт және транзит бағытында 170 884 тонна мал азығы, 40 тонна құс еті, 17 631 тонна сүт өнімдері, 58,5 тонна балық өнімдері өткізілді. Импортта және транзитте 8 135 тонна өнім ветеринариялық бақылаудан өтті, - деді Темірбек Нұртазин.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!