Шаңырақ Ермекбайұлы: “Неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы”
“Ауыл” партиясы төрағалар кеңесінің мүшесі Шаңырақ Ермекбайұлы жаңа Конституция жобасына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Оның айтуынша, жаңа жобадағы өзгерістің барлығы – жаңа Қазақстанның бастауына мұрындық болмақ. Осы кезге дейін қоғамда қызу талданып, депутаттардың мінберде айтқан басты мәселелерінің бірі неке ұғымының қазығы жаңа Конституция жобасында шегелеп қағылды.
Жаңа Конституция жобасында «Неке – бұл мемлекет заңға сәйкес тіркеген, ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы» деп көрсетілген. Дәстүрлі неке ұғымы заңмен белгіленіп, Ата Заңға енгеніне қуаныштымын. Белсенді азаматтар мен депутаттардың көкейін тесіп, қоғамдағы қызу талқыланған мәселе заң аясында шешімін тапқаны – үлкен бастама,- деді Шаңырақ Ермекбайұлы.
Партия мүшесі сондай-ақ халық арасында айтылып жүрген 9-баптың 2-тармағына қатысты да ойымен бөлісті. Оның айтуынша, ана тілдің тұғыры қашан да биік болмақ.
334
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев