Ресей мен Қазақстан Каспийді бірлесіп зерттеуге кіріседі
Каспий теңізі жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты мен Ресей Ғылым академиясының И.П.Ширшов атындағы океанология институты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Бұл құжат екі ғылыми мекеменің Каспийді бірлесіп зерттеуіне жол ашады. Келесі жылдан бастап екі ел ғалымдары перспективалы ғылыми бағыттар бойынша ортақ зерттеулерге кіріседі.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астанада Каспий теңізі жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылған еді.
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев