Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жаңа суару каналы салынады

Маңғыстауда жаңа суару каналы салынады

Сенаторлар республикалық бюджеттің жобасына Маңғыстауда жаңа суару каналын салу мәселесін енгізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


«2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет» және «Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» заң жобалары Сенат отырысында қаралды. Үш жылдық бюджет шығыстарының ең үлкен бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі – 33,8 трлн теңге. 2026 жылы бюджет шығыны 27,7 трлн теңге, кіріс 19,2 трлн теңге деп жоспарланып, бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,5% болады.


Сенаторлар бюджет жобасын қолдады. Сонымен бірге өңірлерге сапарлар мен азаматтардан түскен өтініштер негізінде бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, бюджеттің бағыттылығын күшейтіп, келесі жылы өңірлердің ең өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік сұраныстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр.


Қосымша қаражат келесі жобаларға жұмсалады:

— Жылу беру және жылу желілері – Лисаков және Қостанай қалаларындағы апатты учаскелерді қоса алғанда, бірқатар өңірдегі жылу жүйелерін жаңғырту;

— Газ және электр желілері – газбен және энергиямен қамту объектілерін жаңарту;

— Төтенше жағдайлардың алдын алу – Атырау облысының Махамбет ауданындағы Талдықұл, Бейбарыс, Махамбет ауылдарында Жайық өзенінің, сондай-ақ Алға ауылында Жайықтың жағалауын бекіту;

— Су ресурстары мәселелері – Маңғыстау облысында су тарту арнасын салу және Жезқазған қаласындағы Үйтай кен орны ұңғымаларын реконструкциялау;

— Денсаулық сақтау – Ұлттық трансфузиология орталығын күрделі жөндеуден өткізу және жаңа нысандардың жұмысын қолдау;

— Ұлттық жоба – қазақы ит тұқымдары (тазы және төбет) бойынша ұлттық орталықты іске қосу.


Сонымен қатар сенаторлар өңірлердегі инженерлік инфрақұрылымды, оның ішінде коммуналдық желілерді қаржыландыруды ұлғайтуды қолдады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы қаражат бөлінісін нақтылады.


Енгізілген түзетулерді ескере отырып, үш жылдық республикалық бюджет жобасы Мәжіліске қайта жіберілді.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!