Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысы қайтадан донор өңір мәртебесін алады

Маңғыстау облысы қайтадан донор өңір мәртебесін алады

Маңғыстау облысы қайтадан донор өңір мәртебесін алады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин Парламент Сенатында өңірлердің қаржылық дербестігін нығайту мәселесі талқыланған жиында мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Вице-премьердің айтуынша, жергілікті бюджеттердің республикалық трансферттерге тәуелділігі айтарлықтай төмендеген. 


Біздің бағалауымыз бойынша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7 пайыздан 33 пайызға дейін төмендейді, — деді Серік Жұманғарин.


Сондай-ақ ол алдағы уақытта донор және реципиент өңірлердің мәртебесіндегі өзгерістерді атап өтті. 2028 жылға қарай Павлодар облысы өзін өзі қамтамасыз ете алатын деңгейге жетеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор өңір мәртебесін алады. 


2026 жылға жоспарланған субвенциялар көлемі 5,2 триллион теңгені құрайды. Сондай-ақ бюджеттен алынатын қаражат көлемі 879,9 миллиард теңге болады.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!